жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2027 жылға дейін Абай облысында тағы 464 нысан бейімделмек

2027 жылға дейін Абай облысында тағы 464 нысан бейімделмек
istockphoto.com
Абай облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді ортаны қалыптастыру үшін 807 әлеуметтік нысан бейімделді.

Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Халықпен бірге» жобасы аясында жүргізілуде. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жол картасы бойынша 2027 жылға дейін интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 42 мыңнан астам нысан кезең-кезеңімен бейімделуі тиіс. Қазіргі уақытта ел бойынша 23 790 нысан толық бейімделді. Абай облысында 2027 жылға дейін тағы 464 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр.

Өңірде бейімделген нысандардың қатарында 150 денсаулық сақтау мекемесі, 281 білім беру ұйымы, 63 мәдениет үйі, 150 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым, 14 спорт нысаны, 4 әлеуметтік қорғау мекемесі, 10 көлік инфрақұрылымы, 8 қоғамдық тамақтану орны, 112 сауда және ойын-сауық орталығы, сондай-ақ 15 басқа нысандар бар.

Семей қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедектігі бар Нұрғали Жақыпов қолжетімділік деңгейінің артқанын оң бағалап, қазір қызметтерді алу жеңілдегенін және өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінетінін атап өтті.

2025 жылдың басынан бастап Абай облысында әлеуметтік қорғау саласында 12 профилактикалық және 9 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 11 нұсқама беріліп, анықталған бұзушылықтарды жою талап етілді. Егер нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаса, айыппұл салынатын болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар