Жаңалықтар
Ақтөбеде синтетикалық есірткімен ұсталған жүргізушіге қатысты тергеу басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 қыркүйек, 2025
- 610
Тексеру кезінде 31 жастағы жүргізушіден ұнтақ зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді.
Ақтөбеде полиция есірткіге мас күйде Kia Rio автокөлігін басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат синтетикалық есірткі екені анықталды. Сонымен қатар жүргізілген медициналық куәландыру оның есірткілік масаң күйде көлік басқарғанын растады.
Есірткі құралдарын заңсыз пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткілік мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізуші қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері көлік құралын есірткілік немесе алкогольдік масаң күйде басқару – қатаң жауапкершілікке әкеліп қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін еске салды.
Келесі мақала
Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2026






