Ақтөбеде суши жеген 8 адам инфекциялық ауруханаға түсті
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 тамыз, 2025
- 388
Бір түнде облыстық клиникалық инфекциялық ауруханаға 8 адам түсті. Олардың тек алтауы ғана ауруханада жатып, ем қабылдаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inform.kz сілтеме жасап.
- Ауруханаға жатқан 6 адамның екеуі бала. Ал екеуі емді стационарда қабылдайтынын айтты. Дәрігерлер барлық науқасты қарап шығып, қажетті ем тағайындады. Науқастардың жағдайы тұрақты,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Астан улану себебі тексеруден соң белгілі болады.
Еске салсақ, Ақтөбеде жарты жылда мың адам ит-мысықтан зардап шекті. Бұралқы иттерді аулауға 100 млн теңге бөлінді. Қаржы төрт бағыт бойынша жұмсалып жатыр.





