жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Абай облысындағы колонияда жаңа тігін цехы ашылды

Абай облысындағы колонияда жаңа тігін цехы ашылды
Фото: Polisia.kz
Қазіргі уақытта цехта 15 сотталған еңбек етіп жүр, алайда ай соңына дейін олардың санын тағы 20 адамға көбейту жоспарланған.

Абай облысындағы колонияда тігін цехы іске қосылды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Абай облысының орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде жаңа тігін цехы өз жұмысын бастады. Мұнда сотталғандар матрац, көрпе, арнайы киім мен куртка тігумен айналысады. Бір ай ішінде цех шамамен 100 матрац, 130-дан астам көрпе және 30-ға жуық куртка өндіреді.

– Жазамды өтеу барысында өзіме ұнайтын іспен айналысып жатқаныма қуаныштымын. Тігін тігуді үйреніп, жалақы алып, отбасымның қажетіне көмектесіп отырмын. Менің үш кәмелетке толмаған балам бар, олар әрдайым қолдауға мұқтаж, – деді цех қызметкерлерінің бірі.

– Мекеме аумағында жаңа цехтың ашылуы сотталғандарды пайдалы еңбекпен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл – тек табыс табудың ғана емес, жақындарына жәрдемдесудің әрі түзелу жолына түсуінің де бір тәсілі. Қазір мекемеде 13 жеке кәсіпкер мен 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді. Олар дәретхана қағазын, ұлттық ағаш ыдыстарды, металл құрылымдарды, темірбетон бұйымдарын шығарып, полиграфиялық қызметтер көрсетеді, – деді сотталғандарды еңбекпен қамту бөлімінің бастығы Қуаныш Туқанов.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар