Жаңалықтар

Абай облысындағы колонияда жаңа тігін цехы ашылды

Қазіргі уақытта цехта 15 сотталған еңбек етіп жүр, алайда ай соңына дейін олардың санын тағы 20 адамға көбейту жоспарланған.

Абай облысындағы колонияда тігін цехы іске қосылды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Абай облысының орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде жаңа тігін цехы өз жұмысын бастады. Мұнда сотталғандар матрац, көрпе, арнайы киім мен куртка тігумен айналысады. Бір ай ішінде цех шамамен 100 матрац, 130-дан астам көрпе және 30-ға жуық куртка өндіреді.