жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АЭС - ауаны ластайтын қалдықтар шығармайды

АЭС - ауаны ластайтын қалдықтар шығармайды
Фото - ашық дереккөз
Сондықтан атом электр станциясы экологияға ешқандай зиян тигізбейді

Мұнай пікірді  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының  Жаратылыстану мамандықтары кафедрасының профессордың ассистенті Қален Жамбайбеков білдірді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

 

"Мемлекет басшысы жолдауда ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағытты айқындап берді. Бұл еліміздің болашақ бағдарын қамтыған ауқымы кең, мазмұны терең жолдау болды. Әрі басқа Жолдаулар секілді, бұл жолдау да алға деген қарқынды ұмтылыс. Жолдауда білім мәселесіне кеңінен тоқтаған мемлекет басшысы қажетті деңгейге қол жеткізгенше білім саласына реформалар жүргізіле беретінін айтты. «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады» деп, білім саласында жүрген біздерге үлкен міндет, жауапкершілік артып отыр.

          Жолдаудың 4-ші бөлімінде қоғамда қызу талқыланған АЭС салу мәселесіне де ерекше мән берді. Осы сұраққа арнайы тоқталып, 6 қазан күні АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы мәлімдеді. Соның нәтижесінде түпкілікті шешімді халықтың өзі қабылдайтынын білдірді. «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасының нақты нәтижесі әрі елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

          Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Энергетиктердің алда энергия тапшылығы болады деп дабыл қағуы бекер емес.

          Жалпы біз референдум арқылы экономиканың болашағы тәуелді болатын белгілі бір даму бағытына , мысалы, атом энергетикасын дамытуға келісетінімізді немесе келіспейтінімізді білдіреміз. Ал көп нәрселер референдумнан кейін туындайтын мәселелер (тариф және т.б.).

          Енді атом, дәлірек айтқанда, ядролық энергия туралы тоқталып кетейік. Радиоактивті элементтің ядросын нейтронмен атқылағанда, ол екіге (жарықшақтарға) бөлінеді. Осы кезде көп энергия бөлініп шығады. Ядролардың саны өте көп, нәтижесінде орасан зор энергия бөлінеді. Бұл процесс табиғи түрде де, өз бетінше де жүреді (тізбекті реакция). Ал енді басқарылатын тізбекті бөліну реакциясын жүзеге асыратын қондырғыны ядролық реактор дейді. АЭС-ның негізгі бөлігі осы реактор. Оның үш түрі бар: 1) ғылыми-зерттеу реакторы; 2) өндірістік, яғни реактивті изотоптарды өндіретін реакторлар; 3) ядролық энергияны электр энергиясына түрлендіретін энергетикалық реакторлар. 

- Мемлекет басшысы жолдауда келтірген мәліметі бойынша 30 мемлекетте 200-ге жуық АЭС, ал мамандардың айтуы бойынша, әлемде 415 реактор үздіксіз қуат көзін өндіріп, тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

          Мемлекет басшысы көтерген экологиялық ахуалды жақсарту тұрғысынан қарасақ та, АЭС-лары ауаны ластайтын қалдықтарды шығармайды (түтін, күл, мұнай өнімдері сияқты зиянды заттар). Энергия тапшы заманда көрші мемлекеттерге тәуелді болмау да аса маңызды. Қазіргі кезде әлем елдері көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға тырысып жатыр. Бұл ретте де атом электр станцияларының маңызы зор.

          Әрине, Чернобыль қопарылысы, Семей полигонының азабы халықтың есінде. Қалай болады деген үрей де бар. Сонымен бірге АЭС-лары 20-30 жыл жұмыс істейді. Сосын реакторды бұзу керек (демонтаж). Сонда радиация сіңген бөліктерін, яғни ядролық қалдықтарды көму мәселесі пайда болады. Бірақ ғылым тоқтап қалған жоқ, ғылыми-зерттеу жұмыстары оны да шешіп жатыр.

          Мемлекет басшысы жолдауда «Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз керек. Бір сөзбен айтқанда, болашақты ойлауымыз керек» - дейді. Ендеше біз осы тұжырым-сөзге «қоғамдық оптимизм тұрғысынан» түсінікпен қарап, бейбіт атомды саяси мәселеге айналдырмайық", - дейді Қален Жамбайбеков. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар