Жаңалықтар

Аида Балаева жаңа лауазымға ие болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.