Жамбылда қазан айында қандай мамандарға сұраныс артты?
- авторjambylinfo.kz
- 30 қазан, 2024
- 310
Қазан айында Электрондық еңбек биржасында Жамбыл облысында қандай маман иелеріне сұраныс артқаны жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Еңбек кз» сайтында жазылған мәліметке сүйенсек, қазан айында Жамбыл облысында жылумен жабдықтаудың мамандарына сұраныс артқан. Нақтырақ айтсақ, жалпы саны 974 маманға сұраныс түскен. Мысалы, қазандық операторлары, қазандық машинистері және қазандықтар жұмыскерлері үшін бос орындар саны артқан.
Айта кетейік, мұндай мамандарға жоғары сұраныс Батыс Қазақстан (2,9 мың бос жұмыс орны), Ақтөбе (1,3 мың)) облыстарында байқалды. Бұған жылыту маусымына көшу кезеңі жылу және қазандық жабдықтарына қызмет көрсету мен оларды пайдалануға қатысты қызметкерлерге сұраныстың артуына себеп болды. Сондай-ақ, Жамбыл болысы мен республика бойынша мал өсірушілер мен жануарларды күту жұмыскерлері сияқты мамандықтарға сұраныс арқанын атап өткен жөн.
«Сұраныстың айтарлықтай өсуі мал өсірушілер мен жануарларды күту жұмыскерлері сияқты мамандықтарға да тіркелді, бұл әсіресе, мал шаруашылығындағы қысқы кезеңге дайындық кезеңінде маңызды»,-делінген «Еңбек кз» сайтында жазылған мәліметте.
Электрондық еңбек биржасында қазан айында Қазақстан бойынша қай саланың қызметкерлеріне жоғары жалақы ұсынылғаны туралы мәліметтер жарияланған.
Қазан айында жоғары жалақы бас құрылысшыларға (орта есеппен 679 мың теңге), бас техникалық мамандарға (шамамен 565 мың теңге) және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженерлерге (шамамен 554 мың теңге) ұсынылған. Ал бұл ретте инвестициялық жобалар жөніндегі директор (орта есеппен 2 млн теңгеден бастап), өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (шамамен 1,8 млн теңге) және комбайнер (1,2 млн теңге) лауазымына үміткер ізденушілер ең жоғары жалақыны сұраған екен.
Біра айта кетерлігі жалпы, қазан айында Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендегенін байқауға болады. Бұл әсіресе, білім беру саласында байқалып отыр. Сонымен қатар қысқы маусымның басталуы жылу өндірісі жүйесінің жұмысшыларына сұраныстың артуына себеп болды.
Айта кетейік, Электрондық еңбек биржасы жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді ұсынатын жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң.
Бүкіл Республика бойынша бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат күн сайын әр түрлі дерек көздерден жаңартылады:
ЭЕБ порталы пайдаланушыларға келесідей мүмкіндіктер береді:
- бос жұмыс орындары мен түйіндемелер дерекқорына онлайн-қолжетімділік алуға;
- «жеке кабинетті» тіркеу және бос жұмыс орнын немесе түйіндемені жариялауға;
- жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу;
- тұрақты жұмыс орнына лайықты бос жұмыс орындарын іріктеу;
- жұмыссыз мәртебесін алу;
- жұмысынан айрылған жағдайдағы әлеуметтік төлем;
- жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларына қатысу;
- жұмыс күші артық аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға қоныс аударуға өтініш беру;
ЭЕБ халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін жаңа мүмкіндіктер қосады, азаматқа жаңа жұмыс табуға, ал жұмыс берушіге қажетті кадрларды, оның ішінде елдің басқа аймақтарынан таңдауға да мүмкіндік береді.
ЭЕБ-на тіркелу, бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің деректер базасына қолжетімділік, бос жұмыс орындарын, түйіндемені және басқа ақпараттарды жариялау тәулік бойы және ақысыз қамтамасыз етіледі.
Түйіндеме жариялау мен бос жұмыс орындарының жазылымдарына жазылу бойынша ЭЕБ сервисіменeGov mobile мобильді қосымшасында да қолдануға болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз