Жаңалықтар

Alma Fest: Алматыда мерекелік фестивальге 100 тонна алма жеткізіледі

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті,

Фестиваль аясында алма бақтарынан 100 тоннадай алма жеткізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара барысында сахнада танымал әрі аңызға айналған өнер жұлдыздары мен заманауи әртістер өнер көрсетеді. Олардың қатарында "Дос-Мұқасан", Карина Абдуллина, Turar, Astra және Royals Band секілді танымал орындаушылар бар.

Дәстүрлі жәрмеңке алаңында 100 тоннадан астам алма ұсынылады. Олардың арасында аты әйгілі апорт сорты мен сирек кездесетін түрлері де болады.

Балаларға арналған арнайы аймақта батуттар, түрлі ойындар, шығармашылық сабақтар мен шатырлы цирктің қойылымдары өтеді. Ал крафт-жәрмеңкеде табиғи өнімдер мен қолдан дайындалған тағамдар ұсынылады.

Қаладағы үздік шығармашылық топтар театрландырылған көріністер қойып, этно стиліндегі шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар виртуалды аймақтар мен отбасылық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Негізгі бағдарламалар 21 қыркүйек күні таңғы 10:00-де басталып, кешкі 21:00-ге дейін жалғасады.