Жаңалықтар

Алматыда 18 жүк көлігін заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкерлері сотталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

Алматыда Арнайы ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап

Ведомствоның мәліметінше, арнайы прокурорлар Алматы қаласының Арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.