жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда трамвай қайта іске қосылады

Алматыда трамвай қайта іске қосылады
Фото: transphoto.org
Жоба 5 жылда іске қосылуы мүмкін.

Алматыда өткен SHARE халықаралық архитектуралық форумында қаланың бас сәулетшісі Асхат Сәдуов трамвай желісінің қайта пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Трамвай «Барлық» базарынан басталып, Төле би көшесі бойымен өтіп, әуежай бағытына дейін жалғасады. 

«Мақсатымыз – адамдардың полиорталықтар арасында 20 минут ішінде қатынай алуына мүмкіндік жасау. Бұл – әлемдік тәжірибеге сай шешім», – деді Сәдуов.

Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Егер қаржыландыру EPC+F форматы бойынша жүзеге асса, трамвай желісі 5 жыл ішінде іске қосу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар