сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 15:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алтын бағасы тарихи рекорд орнатты

Алтын бағасы тарихи рекорд орнатты
Фото: pexels
Бұл жөнінде мәлімдеді

Әлемдік нарықта алтын бағасы тарихта алғаш рет бір унция үшін 4,4 мың АҚШ долларынан асып түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Сарапшылар қымбаттауды АҚШ-та негізгі пайыздық мөлшерлемелердің жуырда төмендеуі мүмкін деген болжаммен және инвесторлардың қауіпсіз активтерге бет бұруымен байланыстырады.

Алтынмен бірге күміс те айтарлықтай өсім көрсетті. Бір тәулік ішінде оның бағасы 3,3 пайызға көтеріліп, рекордтық деңгейге — 69,44 АҚШ долларына жетті. Reuters дерегінше, жыл басынан бері алтынның құны 67 пайызға артып, әуелі 3 мың, кейін 4 мың долларлық межеден өткен.

Мұндай қарқын соңғы рет 1979 жылы тіркелген. Қазіргі өсім бірнеше онжылдықтағы ең жоғары жылдық көрсеткіштердің бірі болуы ықтимал. Ал күміс одан да жоғары нәтиже көрсетіп, 138 пайызға қымбаттап, алтынның өсімін басып озды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар