Ангелина Лукастың отбасы қара жамылды
Қаралы хабар туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукастың атасы өмірден озды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаралы хабарды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жерлеу рәсімінен бейнежазба бөлісті.
Боксшының айтуынша, марқұм атасы отбасының басты тірегі болған. Ол атасы мен әжесінің 56 жыл бойы тату-тәтті ғұмыр кешкенін, ал әжесінің оның соңғы сәтіне дейін жанында болғанын жазды.
«Сен біз үшін әрдайым уайымдайтын едің. Енді біз сенсіз қорқатын боламыз», – деп жазды Ангелина.
Айта кетейік, бұған дейін Ангелина Лукас Мысыр астанасы Каирде өтетін жекпе-жекке бару барысында қиындықтарға тап болған еді. Виза мәселесіне байланысты сапары кешеуілдегенімен, түйткілдің шешілуінен кейін ол рингке шығуға мүмкіндік алды.