жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Асар-уме» қорының басшысы атышулы Перизат Қайраттың ісі бойынша сотта түсініктеме берді

«Асар-уме» қорының басшысы атышулы Перизат Қайраттың ісі бойынша сотта түсініктеме берді
arasha.kz
«Асар-уме» қайырымдылық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашев атышулы Перизат Қайратқа қатысты сот процесінде куәгер ретінде жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, былтыр қор 5 күн ішінде қазақстандықтардан жиналған қаражат есебінен «Біз біргеміз Қазақстан-2030» қорына палестиналықтарға көмек ретінде 200 млн теңге аударған.

Асхат Нұрмашев бастапқыда бұл қаражатты Перизат Қайраттың қорына жіберуге күмәнданғанын жасырмады. Бірақ Перизат оған Палестина елшілігімен арнайы келісімі барын, сондай-ақ Әбу-Дабидегі ірі қоймаға рұқсаты бар екенін айтып, жағдайды көзімен көру үшін бірге баруға шақырған. Сапар шығындарын Перизаттың өзі өтеген. Осыдан кейін Перизат қор құрылтайшыларының сеніміне кіріп, 200 млн теңгені толық сомада бірден аударуды талап еткен. Бұл талапты ол «Әбу-Дабидегі хаб басшыларының талабы» деп түсіндірген.

Қаражатты аударғаннан кейін қор жетекшісі есеп-қисап сұрағанымен, Перизат Қайрат ұсынған мәліметтер көңілінен шықпаған. Осыған байланысты «Асар-уме» қоры қалған 93 млн теңгені аудармай тоқтатып қойған.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар