Астанада бірден үш жаңа автобус бағыты іске қосылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 қараша, 2025
- 181
Астанада 29 қарашадан бастап бірден үш жаңа автобус бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, 29 қарашадан бастап Астанада үш автобус бағыты іске қосылады.
Атап айтқанда, олар:
№ 65 автобус – Болашақ көшесі – "Отау" ықшам ауданы;
№ 68 автобус – "Газмашаппарат" АҚ – "Бағыстан" тұрғын үй кешені;
№ 78 автобус – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейіне дейін.
"Жаңа автобустар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді. Мысалы, № 65 бағдар жаңадан ашылған Шаймерденов көшесімен қатынайды, № 68 бағыты "Бағыстан" тұрғын үй кешені қаланың оң жағалауымен байланыстырып, Әзербаев және Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді", делінген компания хабарламасында.





