Жаңалықтар

Астанада бірден үш жаңа автобус бағыты іске қосылады

Қозғалыс сызбаларын Avtobys қосымшасынан көре аласыздар.

Астанада 29 қарашадан бастап бірден үш жаңа автобус бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, 29 қарашадан бастап Астанада үш автобус бағыты іске қосылады.

Атап айтқанда, олар:

№ 65 автобус – Болашақ көшесі – "Отау" ықшам ауданы;

№ 68 автобус – "Газмашаппарат" АҚ – "Бағыстан" тұрғын үй кешені;

№ 78 автобус – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейіне дейін.