Жаңалықтар
Астанада жігіт кездесуде бейтаныс қыздың сусынына есірткі қосты
- авторjambylinfo.kz
- 16 тамыз, 2023
- 536
Астанада жігіт кездесуде бейтаныс қыздың сусынына есірткі қосты
Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталған деп Жамбылинфо сайты ІІМ Telegram арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астаналық полициялерге жас қыз арыз түсірген. Ол сырттай таныс адамы кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында жастардың әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталған. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған. Әрі қарай болған оқиғалар кофе ішкен соң жәбірленуші қыздың есінде қалмаған. Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстаған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.
- Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз, - деп полиция өкілдері ескерту жасады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада «Magistral Awards» марапаттау рәсімі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Биыл Астанада 800-ден астам экологиялық шара өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025




