жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев CNNC компаниясының бас директорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев CNNC компаниясының бас директорын қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

  Президент Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (CNNC) бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнді Қытай атом өнеркәсібіне 70 жыл толуымен құттықтап, бұл мерейлі меже аталған саладағы диалогты одан әрі нығайтуға жол ашатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөз барысында атом индустриясындағы ынтымақтастыққа айрықша мән беріліп, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

Президент тәжірибесі мол әрі технологиясы озық CNNC компаниясымен бірлескен жобалар, соның ішінде еліміздегі екінші атом электр стансасының құрылысы табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар