Жаңалықтар

Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Марат Шибұтов

Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді.

Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. 

Марат Шибұтов Құрылтай бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауды келісуге құқылы екенін айтты. Олардың қатарында Вице-Президент, Премьер-Министр, Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі бар. Яғни, қазіргіден әлдеқайда көп.

Марат Шибұтов Парламентті тарату тетіктерін неғұрлым икемді және ымыраға келуге мүмкіндік беретіндей етуді ұсынды.

Саясаттанушы сондай-ақ ҚР жаңа Конституциясына ұсынылған әрбір тұжырым Конституциялық комиссияда қызу талқылаудан өтіп, ашық қоғамдық бағалаумен сүйемелденгенін атап өтті.