Жаңалықтар
Атырау – Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қараша, 2025
- 227
Бұл шешім батыс және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік қатынасын күшейтуге, сондай-ақ, қысқы маусымда жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Атырау – Алматы бағыты бойынша енді күн сайын пойыз қатынайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 "Атырау – Алматы" жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады.
Пойыз құрамы жаңартылған купе және плацкарт типтегі вагондардан тұрады. Олардың саны 15-тен асады. Бұл бағытпен бір рейсте шамамен 700 жолаушы тасымалданады.
Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты сайттағы онлайн-табло арқылы қарауға мүмкіндік бар.





