Аяғы ауыр Мақпал Исабекова күйеуімен бірге тұрмайтынын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 6 мамыр, 2024
- 893
Әнші Мақпал Исабекова Instagram-парақшасында күйеуінің қайда жүргенінен бейхабар екенін айтты, деп жазады jambylinfo. kz. ULYSMEDIA сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі оқырмандары әншіден күйеуі жайлы көп сұрайтын көрінеді.
Менің күйеуіме қатысты сұрақтар тауысылар емес. Қайда? Көрсет! Бар ма өзі?! Неге салмайсың? Ажырастың ба? Не істейсіздер біреудің байын?! - деп жазды әнші.
Осы орайда Мақпал Исабекова күйеуімен бірге тұрмайтынын айтты.
Оның қайда екенін өзім де білмеймін. Біз бірге тұрмаймыз, - деп жазды ол.
Қазір Мақпал Исабекова екінші баласын жарық дүниеге алып келуге дайындалып жүр. Әншінің Теадор есімді 3 жасар ұлы бар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз