Қазақстанға Эквадордан келген раушан гүлдерінен зиянкес анықталды
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы "Сарыарқа" халықаралық әуежайындағы фитосанитариялық бақылау бекетінде тексеріс жүргізу барысында заң талаптарына қайшы жағдайды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бақылау іс-шаралары аясында Эквадор Республикасынан келген раушан гүлдерінен сынамалар алынды. Олардың жалпы көлемі 50 695 дана.
«Фитосанитария» РМК Қарағанды облыстық филиалының сараптама қорытындысына сәйкес, гүлдердің бір бөлігінен карантиндік нысан — батыс гүл трипсі табылып, әкімшілік іс қозғалды. Материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
ҚР АШМ МИК сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.