жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Asian Boxing ұйымының басшылық құрамына кірді

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Asian Boxing ұйымының басшылық құрамына кірді
Фото: olympic.kz
Жиын барысында жаңа құрлықтық ұйымның басшылық құрамы сайланды.

Бангкок (Таиланд) қаласында бокстан U19 және U22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аясында Азия бокс федерациясының кезектен тыс конгресі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  OLYMPIC.KZ сілтеме жасап. 

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев Қаржылық және аудиторлық комиссияның төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Айта кетейік, Дархан Қызайбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, ол 2024 жылдың желтоқсанында Asian Boxing уақытша кеңесінің құрамына сайланған еді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар