Жаңалықтар

Қазақстан мұнай өндірісін ОПЕК+ міндеттемесінен асырып жіберді

Ведомствоның мәліметінше, бұл өсім Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасы аясындағы технологиялық процестердің әсерінен болған

Энергетика министрлігі ақпан айында мұнай өндіру көлемінің артуына қатысты ресми түсініктеме берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Қазақстан уақытша өндіріс көлемінің ұлғаюын өтеу үшін қажетті шараларды қолға алды. Жақын арада өндіріс деңгейі белгіленген лимиттерге толық сәйкестендірілетін болады», – деп мәлімдеді министрлік.

Сондай-ақ, ведомство Қазақстанның жаһандық мұнай өндірісіндегі үлесі 1,5%, ал ОПЕК+ аясында шамамен 3% екенін атап өтті. Бұл көрсеткіштер елдің әлемдік сұраныс пен ұсыныс балансына елеулі әсер етпейтінін көрсетеді.