Жаңалықтар
Қазақстан мен Ресей президенттері гала-концертті тамашалады
- авторБақытжан Бекболат
- 13 қараша, 2025
- 241
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған мерекелік кеш Үлкен театрда өтті.

Сахнада қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерін насихаттап жүрген танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Бұл концерт Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытып, екі елдің рухани диалогын нығайтуға ықпал етті.





