сейсенбі, 21 сәуір, 2026 20:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мыс өнеркәсібін терең өңдеуге бет бұрды

Қазақстан мыс өнеркәсібін терең өңдеуге бет бұрды
Фото: Үкімет
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин GP Günter Papenburg AG неміс өнеркәсіптік холдингінің басшысы Карл Гюнтер Папенбургпен кездесті. Тараптар Қазақстанның мыс өнеркәсібін дамыту жоспары мен ықтимал ынтымақтастық бағытын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу елімізде жүзеге асырылып жатқан белсенді экономикалық өсу саясатының жалғасы. Оның шеңберінде Үкімет өңдеу өнеркәсібінің басым салаларын дамытуға қатысуды ұсына отырып, елімізге жетекші халықаралық компаниялар мен инвесторларды мақсатты түрде тартады. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап мыс саласын дамыту бойынша өз көзқарастарын білдіріп, нақты ынтымақтастық форматын қарауды ұсынды.

Мыс өнеркәсібін дамыту және технологиялық жаңарту – Қазақстанның жаңа белсенді экономикалық саясатының негізгі бағытының бірі. Өсудің жаңа моделі шеңберінде ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие неғұрлым терең қайта бөлу өнімдерін шығаруға баса назар аударылатын басым салалар айқындалды.

Қазақстанда 130-ға жуық мыс кен орны бар. Жыл сайын шамамен 170 млн тонна кен өндіріледі. Бұл – әлемдік көлемнің шамамен 4%-ы. Бұл ретте өнімнің 97%-ы катод, концентрат және кен түрінде экспортталады. Өндірілетін кеннің негізгі бөлігі жылына шамамен 750-800 мың тонна мыс-концентратқа (екінші қайта бөлу) дейін байытылады. Осы көлемнің шамамен 470 мың тоннасы катод өндірісіне кетеді (үшінші қайта бөлу). Концентраттың қалған бөлігі әрі қарай өңделмей экспортталады. Сым, фольга, кабель мен басқа да бұйым өндірісі секілді қайта бөлудің жоғары өнімі 5%-дан аз. Мыс саласындағы жалпы қосылған құнды молайтудың әлеуеті 20 еседен астам бағаланады. Осы барлық факторға байланысты мысты жоғары қайта өңдеуді дамыту ел ішінде қосылған құнды арттырудың негізгі бағыты ретінде қарастырылады.

Неміс тарапы мәселені егжей-тегжейлі пысықтауға қызығушылық білдірді. Мыс концентратын Қазақстаннан Германияға жеткізу де қарастырылуы мүмкін. Алайда, ол логистиканы қосымша пысықтауды талап етеді. Бұдан басқа, компания Қазақстанда неғұрлым тереңдей қайта бөлу өндірісін құру мүмкіндігін зерделеуге дайын. Ол үшін неғұрлым тиімді өндірістерді шикізат көздеріне жақын орналастырған жөн.

Тараптар "Бәйтерек" холдингінің қатысуымен және Германиядағы қазақстандық елшіліктің қолдауымен ықтимал ынтымақтастық форматтарын пысықтауға келісті.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар