Жаңалықтар

Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

25-30 қараша аралығында Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өткен әлем чемпионатына Заманбек Данабеков қатысып, жүлделі оралды. Отыз екі мемлекеттің алпауыттарының басын қосқан әлемдік додада ол 65 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Чемпионатқа қатысушылар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату және қоян-қолтық ұрыс бойынша сынға түсті. Спортшы-полицей Заманбек Қазымбекұлы өз салмақ дәрежесінде Алжир, Франция және Тәжікстан мемлекеттерінің спортшыларын жеңіп, әлемдік доданың қола жүлдесін лайықты жеңіп алды.

     Спортты бала кезінен жанына серік еткен Заманбек Данабеков Ақтөбе облысы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағының жауынгері, бокстан, қоян-қолтық ұрыстан республикалық, әлемдік сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, бокстан спорт шебері.