Қазақстан ықпалды паспорттар рейтингісінде көршілес мемлекеттерді басып озды
Бұл көрсеткіш әлемдегі ең беделді Henley Passport Index-тің жарияланған жаңа рейтингісінде көрсетілген.
Әлемдегі ең беделді Henley Passport Index рейтингінің жаңа нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл тізім IATA деректеріне сүйеніп жасалады және мемлекеттердің паспорт иелеріне берілетін визасыз саяхат мүмкіндігіне қарай анықталады.
Қазақстан биылғы рейтингте 61-орыннан көрінді. Қазақстан азаматтары қазір 79 елге визасыз бара алады.
Үздік үштік:
Сингапур – 193 мемлекет,
Жапония – 190 мемлекет,
Оңтүстік Корея – 190 мемлекет.
Қазақстанның нәтижесі көршілес елдерден жоғары:
Қырғызстан – 71-орын,
Өзбекстан – 72-орын,
Тәжікстан – 78-орын,
Түрікменстан – 84-орын.
Сондай-ақ еліміз Әзербайжан (66), Армения (69) және Моңғолияны (70) да артта қалдырған.
Рейтингтің соңғы сатысында – Ауғанстан, Ирак және Сирия.