жұма, 20 наурыз, 2026 17:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 392 стоматологиялық клиника тексеруден өтті

Қазақстанда 392 стоматологиялық клиника тексеруден өтті
Фото: ckbran.ru
Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағы бойынша стоматологиялық клиникаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстанда 100-ден аса стоматологиялық клиника қызметін тоқтатты, олардың 56-сы лицензиясын ерікті түрде қайтарған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жұмыс мемлекеттік органдардың тапсырмасы шеңберінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы тексеру тізіміне 622 стоматологиялық клиника енгізілген, бүгінгі таңда 392 тексеру жүргізілген.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 103 клиникада заңбұзушылықтар анықталмаған. Қызметін тоқтатқан 174 стоматологиялық клиниканың 56-сы медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын ерікті түрде қайтарған.

"Жекелеген жағдайларда жедел әрекет ету шаралары қабылданып, субъектінің қызметі 30-дан 90 күнге дейін уақытша тоқтатылды, сондай-ақ медициналық қызметкерлер 30 күнге дейін жұмыстан шеттетілді", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері тексеру барысында медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуына, лицензиялық талаптардың орындалуына және білікті мамандардың болуына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар