Қазақстанда 54 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 11:55
- 53
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 млрд теңге сомасында тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Атаулы әлеуметтік көмек:
табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындауды;
табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беруді;
жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді көздейді.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК-ке өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Таразда 43 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 желтоқсан, 2025






