Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беру конкурсы 25 қыркүйекте басталады – Атом энергиясы жөніндегі агенттік

Агенттік атап өткендей, конкурс ашық әрі айқын өтеді.

 ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде елдегі алғашқы атом электр станциясына атау беру конкурсын өткізу комиссиясының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Комиссия құрамына қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих саласының сарапшылары кірді.

Отырыс барысында ұйымдастыру мәселелері қаралып, конкурс ережелері бекітілді. Агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев азаматтардың бұл процеске белсенді қатысуының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, ұсыныстар eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылданады.

Конкурс кезеңдері:

25 қыркүйек – ресми басталуы;

25 қыркүйек – 10 қазан – атау бойынша ұсыныстарды қабылдау;

11–20 қазан – ұсыныстарды сараптау;

АЭС-ке үздік атау беру жөніндегі жалпыұлттық конкурстың ережелері Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және Телеграм арнасында жарияланады.

Әрбір азамат АЭС-ке өз атауын ұсына алады, ал комиссияның қорытынды шешімі қазан айының соңына қарай белгілі болады.