Қазақстанда автогаз бағасы өсті: жаңа шекті тарифтер бекітілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 тамыз, 2025
- 514
Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрықтарымен жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің жаңа шекті бағалары және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
1 тамыздан бастап Қазақстан аймақтарында жанармай құю бекеттерінде газдың келесідей бағалары күшіне енеді:
Өңірлер бойынша жаңа бағалар келесідей:
Астана мен Алматыда – 112 теңге (бұрын 102 теңге);
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары – 85 теңге (бұрын 77 теңге);
Шымкент қаласы және Ақмола, Алматы, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 112 теңге (бұрын 102 теңге);
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары – 102 теңге (бұрын 90 теңге);
Маңғыстау облысында ең төменгі баға сақталған – 72 теңге (бұрын 65 теңге).
Жаңа баға бұйрығы 1 тамыздан бастап күшіне енді.





