Жаңалықтар

Қазақстанда бала асырап алу ережесі өзгерді

Жаңа ереже 28 наурыздан бастап күшіне енеді.

Енді бала асырап алуға үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Олардың тұрақты табысы мен баспанасы болуы тиіс. Денсаулығы бала тәрбиелеуге жарамды болып, міндетті түрде психологиялық дайындықтан өтуі қажет, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап

Бұрын бала асырап алып, кейін одан бас тартқан азаматтарға қайта бала асырап алуға толықтай тыйым салынады.