Жаңалықтар
Қазақстанда бір жылда азық-түлік қаншалықты қымбаттады
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2023
- 396
Қазақстанда бір жылда азық-түлік қаншалықты қымбаттады
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жылдық мәнде 6,5% өсті, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.2023 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
- Рожки – 316 тг/кг;
- Қарақұмық – 331 тг/кг;
- Күнбағыс майы – 770 тг/л.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






