Жаңалықтар
Қазақстанда геологиялық мәліметтер толығымен цифрландырылмақ
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қараша, 2025
- 206
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында геология саласын цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол қазір Бірыңғай платформа арқылы 66 мыңнан астам геологиялық есепті онлайн алуға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Сонымен қатар бастапқы геологиялық ақпаратты да цифрландыру жүргізілуде.
«Бүгінде оның 73%-ы электронды форматқа ауыстырылды, жыл соңына дейін 97%-ға жетпек. Ал толық цифрландыруды келесі жылы аяқтау көзделіп отыр», — деді Иран Шархан.





