Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 жағдай тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 37, Алматы қаласында - 112, Шымкент қаласында – 8, Алматы облысында - 7, Атырау облысында - 10, Жамбыл облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 7, Қызылорда облысында - 1 адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 517 құрады. Кешегі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 158 жағдай тіркелді. Сонымен қатар өткен тәулікте 65 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, олардың жалпы саны 1 292 626 адамға жетті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда McDonald’s жұмысын уақытша тоқтатты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚМДБ еліміз бойынша Ораза айт намазының кестесін жариялады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 наурыз, 2026




