Қазақстанда мансап орталығының мамандарын сертификаттауға қойылатын талаптар күшейтілмек
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 тамыз, 2025
- 508
Еңбек министрлігі еңбек ұтқырлығы орталықтары (мансап орталықтары) қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін аттестациялауды жүргізу қағидаларына түзетулер дайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz zakon.kz сілтеме жасап.
Жоба қосымша кезең енгізу арқылы мансап орталығының мамандарын сертификаттау талаптарын күшейту мақсатында әзірленген.
Атап айтқанда, өзгерістер жұмыс нәтижелері мен көрсетілетін қызметтердің сапасын неғұрлым объективті қарастыруға мүмкіндік беретін қосымша кезең – біліктілік санатын беру кезінде кәсіби қызметті бағалауды енгізу арқылы мансап орталығының мамандарын аттестациялауға қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған.
Еңбек министрлігі мансап орталықтары мамандарының біліктілік санаттарының атауларының өзгеруі жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды қолдау жүйесіндегі қызметкерлердің рөлі мен функционалдық мамандануын көрсету қажеттілігіне байланысты екенін, сондай-ақ біліктілік санаттарының атауларын мансап орталықтарында клиенттермен жұмысты ұйымдастырудың заманауи тәсілдеріне сәйкес келтіруге бағытталғанын атап өтті.





