Қазақстанда медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін жаза күшейеді
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 18:20
- 24
Құжатты денсаулық сақтау қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсеткені үшін жазаны күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес депутаттар әзірлеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қылмыстық кодекске енгізілетін түзетулер аясында медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты күш қолдану немесе күш қолдану қаупін төндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін жаңа 380-3-бап енгізіледі.
Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін немесе күш қолданбақ болғаны үшін 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы ұсынылады. Егер ауыр әрекет жасалса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде күшейтіледі.
Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға қатысты 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ауыр жағдайда жасалған болса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Қылмыс құрамының элементтерін саралау үшін депутаттар медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін күш қолдана отырп қорқытқаны үшін бөлек жауапкершілік белгіленеді. Ұсынылып отырған жазаларға 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не болмаса 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы кіреді. Ауыр әрекет жасалған жағдайда екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы беріледі.
Сонымен қатар жобада аясында Қылмыстық-процестік кодексте ішкі істер органдарының осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу және анықтау жүргізу құзыреті белгіленеді.





