бейсенбі, 26 наурыз, 2026 20:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда онкологияның профилактикасы бойынша бірыңғай ашық есік күні өтеді

Қазақстанда онкологияның профилактикасы бойынша бірыңғай ашық есік күні өтеді
Depositphotos.com
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды өз денсаулығына мұқият қарауға, алаңдататын белгілерді елемеуге және дер кезінде дәрігерге қаралуға шақырады.

Сенбі күні, 28 наурызда Қазақстан Республикасының барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара онкологиялық сырқаттанушылық пен өлімді төмендету, сондай-ақ халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Бұл күні жетекші онколог дәрігерлер азаматтарды учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз және алдын ала жазылусыз тегін қабылдайды.

Негізгі назар келесі ауруларды ерте анықтауға аударылады:
• жатыр мойны обыры;
• колоректалдық обыр;
• бүйректің қатерлі ісіктері.

Ашық есік күні шеңберінде:
• онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы бойынша консультациялар беріледі;
• алғашқы белгілер түсіндіріледі;
• диагностика мен емдеудің заманауи әдістері туралы ақпарат ұсынылады.

Қатысу: барлық ниет білдірушілер үшін ашық

Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алып келу қажет:
• жеке куәлік;
• бар болған жағдайда – бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелері (УДЗ, КТ, МРТ, медициналық қорытындылар).

Іс-шараның мақсаты – қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау, өйткені дәл осы кезеңде емдеу ең тиімді болып, өмір сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар