жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда "Ресей темір жолдары" филиалына қатысты тергеп-тексеру басталды

Қазақстанда "Ресей темір жолдары" филиалына қатысты тергеп-тексеру басталды
Фото: gov.kz
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  Солтүстік Қазақстан облысында "Ресей темір жолдары" компаниясының филиалына қатысты тергеп-тексеру басталдыдеп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы шегінде 2024 жыл мен 2025 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығындағы кезеңде вагондардың электронды таразыларын метрологиялық қамтамасыз ету (тексеруге арналған бақылау жүгін ұсыну) қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайға жоспардан тыс талдау жүргізуді аяқтады.

Талдау жүргізуге себеп болған – Agrimer Mamlutka ЖШС-нің Петропавл бөлімшесі – "Ресей темір жолдары" компаниясының Оңтүстік Орал темір жолы филиалы тарапынан метрологиялық қызмет көрсету бағасының өсуіне қатысты жолдаған өтініші.

Өтінішке сәйкес биыл қаңтардан бастап "Ресей темір жолдары" ААҚ филиалы қызмет құнын 9,5 пайызға арттырып, ҚҚС-ты есепке алғанда 845 261,76 теңгеге дейін көтерген. Бұл ретте Қазақстанның басқа өңірлерінде осыған ұқсас қызметтің құны – шамамен 391 000 теңге.

Талдау нәтижелері бойынша монополиялық жоғары бағаны белгілеу түріндегі бәсекелестік туралы заңнаманың бұзылу белгілері анықталды. Аталған әрекет Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасына сәйкес келеді.

Осыған байланысты монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді бастады. Оның мерзімі 3 айдан 5 айға дейінгі аралықты қамтиды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар