Жаңалықтар
Қазақстандық фрилансерлер айына 1,5 миллион теңгеге дейін табыс таба бастады
- авторjambylinfo.kz
- 2 ақпан, 2023
- 677
Қазақстандық фрилансерлер айына 1,5 миллион теңгеге дейін табыс таба бастады
Қазақстандықтар үйден жұмыс істегенді ұната бастаған. Біреулер жұмысын дәмханада ноутбукпен өткізсе, енді біреулері оңтүстік елдерге саяхаттап, функционалдық міндеттерін сол жақтан қашықтықтан орындап жүр, деп хабарлайды jambylinfo.kz hh.kz сайтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы платформаның сарапшыларының айтуынша:
«Соңғы бір жылда өздерін фрилансермін деп санайтын жұмыс іздеушілер саны екі еседен астам, яғни 142%-ға өсті. Бұл айтарлықтай жоғары өсім. Яғни, бізде тәуелсіз жұмыс істеуді таңдайтындары саны өсуде.»
Бір қызығы, Қазақстанда фрилансер ретінде өз қызметтерін көбінесе шығармашылық мамандық өкілдері , яғни, дизайнерлер мен суретшілер ұсынады екен. Одан кейін IT мамандары - бағдарламашылар мен әзірлеушілер келеді, содан соң аудармашылар көбінесе қашықтықтан жұмыс істеуді жөн көреді.
«2022 жылы жұмыс берушілер фрилансерлерге мамандығына, тәжірибесі мен құзыретіне қарай 200 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынған», - делінген хабарламада.
Сарапшылардың айтуынша фрилансерлердің жалақысы кеңсе қызметкерлерінің жалақысынан кем емес.
Еске салайық, бұған дейін жұмыссыз қазақстандықтардың жалақы ретінде ай сайын кем дегенде 200 мың теңге алғысы келетіні белгілі болған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






