Жаңалықтар
Қазақстандық спортшы каноэдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
- авторjambylinfo.kz
- 2 қыркүйек, 2022
- 447
Қазақстандық спортшы каноэдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Батысқазақстандық спортшы Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасында каноэдан Мажарстанның Сегед қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спортшының анасы әрі жеке бапкері Елена Бровкованың мәлім еткеніндей, Мария бүгін бір адамдық каноэда 1 мың метр қашықтықта топ жарған.
«Қызым бұған дейін де көптеген жарыстарда жүлде алып жүрді. Жасөспірімдер және 21, 22 жастағылар арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Биыл наурыз айында Таиландта өткен Азия біріншілігінде бір адамдық каноэдан 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды. Міне, енді Қазақстан тарихында қыздар арасында алғаш рет әлем чемпионатының алтынын алып отыр. Бұл – үлкен табыс», деді ҚазАқпарат тілшісіне Елена Бровкова.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






