Қазақстандықтар жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды – Елнұр Бейсенбаев
Жаңа Конституцияның алғашқы баптарынан-ақ оның тұжырымдамалық сипаты айқын көрінеді.
Бұл – әділеттілікке, тәртіпке және тұрақтылыққа негізделген қоғам сұранысына мемлекеттің нақты жауабы. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев енгізіліп жатқан өзгерістердің қисынын осылай деп түсіндірді.
Бейсенбаевтың айтуынша, жаңа Конституцияның өзегінде қоғамдағы келісімді сақтау және өткен қателіктерді қайталамау қағидаты жатыр.
Сонымен қатар, ол Президенттің жақын туыстарының саяси және басшылық қызметтерді атқаруына тыйым салу да маңызды өзгерістердің бірі екеніне арнайы тоқталды. Бұл қағида 45-баптың 3-тармағында нақты бекітілген.
Комиссия мүшесі азаматтардың мемлекет өміріне араласу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Ата заңдағы құндылықтар мен құқықтық кепілдіктерге, әсіресе Преамбуладан бастап берілген нормаларға айрықша тоқталды.
Депутаттың пікірінше, Конституциялық реформа және азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар мемлекет пен қоғамның кемелденгенін аңғартады.