Қазақ тілі — Тәуелсіз республикамыздың мемлекеттік тілі
- авторБақытжан Бекболат
- 20 қараша, 2025
- 228
Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Ал, Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу тіл.
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайтығын, себебі не?
Себебі, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, ұлттық болмысы.
Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғау тиіс, тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті болған.
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы айтқан «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» - деген.
Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеуіміз қажет.
Халқымыздың аяулы перзентерінің бірі С.Сейфулин өз тілін сүйе білді, басқаларға дәріптей білді. Оған «Қазақ тілі туралы» мақаласындағы мына бір сөздері дәлел: «Қазақ тілі түркі тайпаларының ішіндегі таза, бай негізгі тіл» деп алға тартты.
Бүгінгі күннің дерті – қазақ пен қазақ ана тілінде сөйлеспейтіні.
Ұлттық қауіпсіздік, ұлт тұтастығы – мемлекеттік тілді құрметтеуден, оны ел өмірінде толыққанды қолданудан басталады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұрып, ана тілінің болашағына қолынан келген көмегін аямауы тиіс.
Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қалай қадірлеу керек болса, өз ана тілімізді солай қадірлеп, қастерлеуіміз қажет.
Сондықтан мемлекетіміздің алға қойып отырған, мемлекеттік тілге қатысты тапсырмаларын біздер, мемлекеттік қызметкерлер үлгі болып, іске асыруға тиіспіз, ол біздің парызымыз деп атап айта аламын.
Мемлекеттік тілді білмейтін бірде-бір азамат болмау керек, өйткені, тілді білу - парыз деп «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында белгіленген.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін көптеген іс-шаралар атқарылып, түрлі бағдарламалар қабылдануда.
Осыған байланысты барлық мемлекеттік атқарушы органдар осы мәселе бойынша қажетті іс-шаралар атқарып жатыр.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің басты белгісі ана тіліміз, қазақ тілінің өркендеуі мен қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру біздің қолымызда. Мәңгілік елдің мәңгілік тілі – Ана тілі!
Тараз қаласының
әкімшілік құқық
бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған соты
әкімшісінің аға сот
приставы Д.С. Арапов





