дүйсенбі, 20 сәуір, 2026 18:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді
Фото: shutterstock
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылады.

Атап айтқанда, Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады. Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасын өткізу жоспарланған. Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұсынылады. Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылады. Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші өтеді.

Аталған бағдарлама кітапхана қызметін жандандырып, кітап оқуды насихаттаудың заманауи үлгіле­рін қалыптастыруға бағытталған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар