жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – металлургтер күні

Бүгін – металлургтер күні
Фото: dzen.ru
Бүгінде елімізде шамамен 90 мың адам осы салада еңбек етуде.

Бүгін Қазақстанда Металлургтер күні атап өтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Металлургтер күні – ауыр өнеркәсіп саласы қызметкерлеріне арналған кәсіби мереке. Бұл күн – ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген еңбек адамдарын ұлықтауға арналған.

Мереке алғаш 1957 жылы Кеңес Одағында бекітіліп, кейін оны Қазақстан, Ресей, Беларусь сынды елдер жалғастырды. Қазақстанда 2003 жылдан бері шілденің үшінші жексенбісі – ресми түрде Металлургтер күні болып белгіленген.

Металлургия – экономиканың маңызды әрі стратегиялық саласы. Қазақстанда бұл сала бұрыннан дамыған. Кеңес кезеңінде еліміз бүкіл одаққа металл өнімдерін жеткізсе, бүгінде Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Павлодар сияқты өндіріс ошақтары осы бағытпен өркендеуде.

Металлург – күрделі әрі ауыр мамандық. Олар болатты балқытып, металды өңдеп, дайын өнім шығару үдерісін толық бақылайды. Жоғары қауіпсіздік талаптары мен физикалық төзімділік бұл кәсіптің ажырамас бөлігі.

Технологиялар дамығанымен, бұл салада адам еңбегі әлі де маңызды. Мыңдаған маман түрлі металл өндіріп, ішкі нарықпен қатар, экспортқа да шығарады. Соның арқасында елдің экономикалық қуаты артып, көптеген отбасы еңбекпен қамтылып отыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар