Қазақстанда кәсіби мерекелер күнтізбесі жаңамаңызды датамен толықты.
Елімізде биылдан бастап тамыздың бірінші жексенбісі Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып бекітілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Теміржол – ел ішіндегі және халықаралық тасымалдың маңызды бөлігі. Бұл салада мыңдаған маман – машинистер, жолшылар, диспетчерлер мен инженерлер еңбек етеді.
Экономиканың дамуы, өңірлер байланысы мен жолаушылар қауіпсіздігі – теміржолшылардың ерен еңбегінің жемісі.
Барша теміржол қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!





