дүйсенбі, 22 желтоқсан, 2025 17:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Bloomberg Алматыны әлемдегі топ-25 туристік бағытқа қосты

Bloomberg Алматыны әлемдегі топ-25 туристік бағытқа қосты
Фото - ашық дереккөз
Bloomberg дерегінше, 2025 жылдың тоғыз айында қалаға 2,5 миллион турист келген.

Беделді Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға лайық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Басылым соңғы жылдары Алматыға келетін туристер санының едәуір артқанын атап өтеді. 

«Орталық Азия даласында шығармашылық серпін күшейіп келеді. Елдегі ең ірі қаланың танымалдығы өсуде. Туристер дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Көк базарға, сондай-ақ Вознесенск кафедралды шіркеуіне жиі барады. Сонымен қатар саяхатшыларды Іле Алатауы, альпілік көлдер мен тау шаңғысы курорттары қызықтырады», – деп жазады басылым.

Bloomberg рейтингі жаһандық туристік үрдістерді талдау, сала сарапшыларының пікірі және аналитикалық мәліметтер негізінде жасалған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар