Bloomberg Алматыны әлемдегі топ-25 туристік бағытқа қосты
Bloomberg дерегінше, 2025 жылдың тоғыз айында қалаға 2,5 миллион турист келген.
Беделді Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға лайық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Басылым соңғы жылдары Алматыға келетін туристер санының едәуір артқанын атап өтеді.
Bloomberg рейтингі жаһандық туристік үрдістерді талдау, сала сарапшыларының пікірі және аналитикалық мәліметтер негізінде жасалған.