ҰБТ-да талапкердің компьютеріне қашықтан қосылып, жоғары балл алуға көмектескен күдіктілер ұсталды
ҰБТ-да талапкердің компьютеріне қашықтан қосылып, жоғары балл алуға көмектескен күдіктілер ұсталды
Арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы ҰБТ тапсырған талапкерлер мен ПББ тапсырған педагогтердің компьютерлеріне қашықтан қосылып, оларға тесттен жоғары нәтижелер алуға жәрдем көрсеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) және педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін тыйды.




